Биылғы ораза айында берілетін пітір садақаның көлемі қанша

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына биылғы Рамазан айында жасалатын пітір садақаның көлемін еске салады.

Биылғы ораза айында берілетін пітір садақаның көлемі қанша

Бұл жайлы таяуда елордада бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төралқа мәжілісінде белгілі болған-ды.

Жиын барысында биылғы пітір мөлшері 500 теңге болып белгіленді.

Пітір садақаның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды.

Айта кетейік, бұған дейін 2022 жылғы Ораза кестесі жарияланған болатын. Онда Қазақстанның бүкіл өңірлері қамтылған.