17:54, 02 Мамыр 2013 | GMT +5
Биылғы сәуірде 2012 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда азық-түлік бағасы 4,6 пайызға өсті - ҚР Статистика агенттігі
АСТАНА. 2 мамыр. ҚазАқпарат - Биылғы сәуірде 2012 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда ұн бағасы 14,2 пайызға, макарон өнімдері - 11,2 пайызға, жемістер мен көкөніс - 9,8 пайызға, кофе, шай және какао - 5,4 пайызға, сондай-ақ тоқаш пен ұннан жасалған өнімдердің бағасы 5,2 пайызға өсті. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінен хабарланды.

Бұған қоса, балық пен теңіз өнімдерінің бағасы - 5 пайызға, алкогольдік ішімдіктер - 4 пайызға, сүт өнімдері 3,8 пайызға, кондитерлік өнімдер - 3,5 пайызға, майлар - 3,1 пайызға, нан бағасы - 2,5 пайызға жоғарылады.
Бағаның арзандауы жармаларға - 15,9 пайыз, ал қантқа - 7,4 пайыз деңгейін белгіленді.
Аталған мерзімде ет және ет өнімдеріне бағаның өсімі 4,6 пайызды құрады. Қой етінің құны 6,4 пайызға, шошқа еті - 5 пайызға, жылқы еті - 4,9 пайызға, шұжық өнімдері 4,4 пайызға, ірі қара еті 4,3 пайызға, сонымен қатар құс етінің бағасы 4,1 пайызға жоғары болды.