Биылғы шілдеде жалақының ең үлкен мөлшері қаржы және сақтандыру салаларына тиесілі болды

АСТАНА. 7 қыркүйек. ҚазАқпарат - 2012 жылғы шілдедегі бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 106620 теңгені құрады. Бұл жайында бүгін ҚР Статистика агенттігінің мәліметтерінде айтылған.

Биылғы шілдеде жалақының ең үлкен мөлшері қаржы және сақтандыру салаларына тиесілі болды

Атаулы жалақы индексі 2011 жылғы маусымға 114,7%, ал нақты жалақы индексі 109,5% құрады.

Салалық құрылымда жалақының ең үлкен мөлшері қаржы және сақтандыру қызметінде - 205,2 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 1,9 есеге асады), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте 195,4 мың теңге (1,8 есе), кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда - 181,5 мың теңге (1,7 есе) белгіленді. Ең төменгі жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығындағы қызметкерлерінде белгіленді - 48,9 мың теңге, бұл ел бойынша орта көрсеткіштен 54,2%-ға төмен.

Өңірлік бөліністе ең жоғары жалақы Атырау облысында белгіленді - 183,3 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 1,7 есеге асады. Солтүстік Қазақстан облысында мұның шамасы 71,6 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 32,8%-ға төмен.