Биылғы шілдедегі көрсеткіш бойынша қазақстандықтардың орташа жалақысы 143 650 теңге болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылы шілдеде бір жұмысшының орташа жалақысы 143 650 теңге, деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметінен.

Биылғы шілдедегі көрсеткіш бойынша қазақстандықтардың орташа жалақысы 143 650 теңге болды

2016 жылғы маусымда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 69 286 теңгені құрады, бұл 2015 жылғы маусымға қарағанда 4,8% жоғары, ал нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 10,7% төмендеді.

2016 жылдың шілде айындағы көрсеткіш бойынша 452,3 мың адам жұмыссыз. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне шаққанда 5,1%. 2016 жылдың шілде айының соңында еңбекпен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар саны жұмыс күшіне шаққанда 69,1 мың адамды немесе 0,8% құрады.