Биылғы шілдеден бастап Қазақстанның автоөнеркәсіп саласы өндірістің дағдарысқа дейінгі деңгейіне шықты
«Барша барша қазақстандық автоөндірушілердің өндіріс көлемі 40 пайыздан астам көрсеткішке қысқарды. Егер де өткен жылы бізде 39 мың болса, биыл біз 20 мыңға немесе ортақ күш-жігердің нәтижесінде 22 мыңға жақындап қалармыз. Жылдың басындағы ресейлік рубльдің девальвациясы бізге айтарлықтай әсер етті. Сонымен қатар әлемдегі экономикалық үрдістің де ықпалы болды», - деп тоқталды А. Лаврентьев.
Оның сөзіне қарағанда, ҚР Үкіметінің қолдауымен болған жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы автоөндірушілерге шілде айынан бастап өндірісті дағдарысқа дейінгі деңгейге шығуға мүмкіндік берді.
«Әрине, біз осының алдында жоғалтып алған жарты жылдағы көрсеткішті қуып жете алмаймыз. Бірақ та, екінші жартыжылдықтан бастап өндіріс көлемі мен жаңа жабдықтарды сатып алу көрсеткішін арттырудамыз. Сондықтан болашаққа оптимистік көзқарасымыз бар. Сондай-ақ локализация (көліктердің тетіктерінің басым бөлігін елімізде шығару) бойынша да өзіміздің жоспарларымызды орындауға мән береміз»,-деп түйді қауымдастықтың төрағасы.