Биылғы талапкерлерге берілген гранттар өткен жылмен салыстырғанда 1085 орынға артық - Жансейіт Түймебаев

АЛМАТЫ. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Бүгін Алматыда Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаевтың қатысуымен босаған білім гранттарын беру жөніндегі Республикалық конкурстық комиссияның мәжілісі болып өтті,

Биылғы талапкерлерге берілген гранттар өткен жылмен салыстырғанда 1085 орынға артық - Жансейіт Түймебаев

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оған Білім және ғылым, Денсаулық сақтау министрлігінің басшылары және жоғары оқу орындарының ректорлары қатысты. Министр конкурс қорытындысын шығара келіп, студент жастарды қолдау жөнінде айтарлықтай жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.

«Емтихан сессияларының қорытындысы бойынша, жылына екі рет босаған білім гранттары беріледі. Ол аралық аттестациялаудың негізінде жүргізіледі. Бұл ретте студенттердің әлеуметтік жағдайлары ескеріледі. Биылғы талапкерлерге комиссияның шешімімен 35 мыңнан астам білім гранттары берілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1085 орынға артық», деді Ж. Түймебаев.

Биыл босаған гранттарды тағайындау үшін 76 оқу орнынан 5547 білім алушы құжаттарын тапсырған. Ал конкурстық комиссия жаңа оқу жылына 1670 бос білім беру грантын тағайындаған.

Сонымен қатар, комиссия шешімімен соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар үшін квотамен қабылдау бойынша қажеттіліктен тыс қалған 82 және резервтегі 50, барлығы 132 білім беру гранттары жетім балаларға(103) және Қызылағаштан шыққан 29 талапкерге берілген.