Биылғы тамызда ірi және орта кәсiпорындар мен ұйымдарға 75,6 мың адам қабылданды - ҚР Статистика агенттігі

АСТАНА. 20 қыркүйек. ҚазАқпарат - Жедел деректерге сәйкес, ағымдағы жылғы тамызда ірi және орта кәсiпорындарға және ұйымдарға 75,6 мың адам қабылданды, түрлі себептермен 82,6 мың адам жұмыстан кетті. Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігінің мәліметтерінде хабарланды.

Биылғы тамызда ірi және орта кәсiпорындар мен ұйымдарға 75,6 мың адам қабылданды - ҚР Статистика агенттігі

Жұмыстан кеткен қызметкерлердiң арасында тұрақтамау себептері бойынша жұмыстан босатылғандар 84,1 пайызды, қызметкерлер санының қысқартылуына немесе кәсіпорынның таратылуына байланысты - 3,5 пайызды, басқа себептер бойынша 12,4 пайызды құрады.

Ағымдағы жылғы тамызда қабылдау бойынша айналым коэффициенті 2,3 пайыз деңгейін, жұмыстан босату бойынша айналым - 2,5 пайыз, жұмыс күшінің тұрақсыздық коэффициенті - 2,1 пайызды деңгейінде болды. Осы кезеңде жұмыс күшін ауыстыру коэффициенті 91,5 пайызды құрады.