Биылғы танк биатлонына қатысатын қазақстандық экипаждар белгілі болды
Біреуінің құрамында «Астана», «Оңтүстік» және «Батыс» өңірлік қолбасшылықтарының құрама командасы. Бұл қазақстандық армияның төрт үздік танк экипажы. Олар әскери бөлімдер, әрі қарай өңірлік қолбасшылықтар мен Құрлық әскерлері деңгейінде іріктеуден өтті. Әрқайсысының практикалық тәжірибесі және кәсіби білімі мен шеберліктің қажетті деңгейі бар.
Әскерилердің айтуынша, қазақстандық команданың жеңіске жетуге барлық мүмкіндігі бар. Себебі, «Танк биатлонының» өткен сайыстарында танкішілеріміз үнемі алғашқы үштікте болды.
«Танк биатлоны-2016» шілденің 30-ы мен тамыздың 13-і аралығында Мәскеу облысының «Алабино» полигонында өтеді. Оған қатысуға 17 ел ниет білдіріп отыр. Атап айтқанда, Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Қытай, Венесуэла, Ангола, Беларусь, Иран, Әзербайжан, Зимбабве, Армения, Моңғолия, Үндістан, Сербия, Кувейт, Никарагуа және Тәжікстан.
Сайыс бағдарламасы танкішілерге үш күрделі кезең дайындап отыр. Ең алдымен жеке жарыс. Оған барлық командалар қатысады. Екінші кезеңде эстафета. Оған 12 команда қатысады. Үшінші кезең - соңғы эстафета. Мұнда жеңімаз атағы үшін 4 мықты команда бақ сынасады.
Еске сала кетсек, танк экипаждарының жарысы Армия халықаралық ойындары-2016 шеңберінде өтеді. Биылғы армия ойындары Ресей мен Қазақстанның шамамен 20 әскери полигонының аумағына өткізіледі.
АрМИ қатысушыларын осы жылы біздің еліміз алғаш рет қабылдайды. Қазақстанда «Гвардейск» оқу-жаттығу полигонында армия ойындарының екі байқауы өтеді. Ол: «Артиллериялық атыс шеберлері» және «Мерген шебі».