Биылғы үш айда елімізде тұрғын үйді сатып алу мен сату келісімдерінің саны 36 мыңнан асты

АСТАНА. 9 сәуір. ҚазАқпарат - 2013 жылғы қаңтар - наурызда тұрғын үйді сатып алу мен сату мәмілелерінің саны 36 557 құрады. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінен хабарланды.

Биылғы үш айда елімізде тұрғын үйді сатып алу мен сату келісімдерінің саны 36 мыңнан асты

2013 жылғы наурызда тұрғын үйді сатып алу және сату бойынша тіркелген келісімдердің саны 11 690-ды құрады. Бұл көрсеткіш өткен аймен салыстырғанда 11,8 пайызға азайды.

2013 жылғы қаңтар-наурызда тұрғын үйді сатып алу және сату мәмілелерінің саны өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 5,9%-ға өсті.