Биылғы үш айда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 852,8 млрд. теңгені құрады

АСТАНА. 16 сәуір. ҚазАқпарат - Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2013 жылғы қаңтар-наурызда өткен жылғы осы кезеңге қарағанда 103,7% құрады.
None
None

Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің мәліметтерінде хабарланды.

2013 жылғы қаңтар-наурызда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 852,8 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 8,5% артық.

«2013 жылғы қаңтар-наурызда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 4511,8 млрд. теңгені құрады, бұл 2012 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 1,9% артық. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі 2,7%, өңдеу өнеркәсібінде 1,6% артты. Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 1,9%, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда өндіріс 7% төмендеді», делінген агенттік мәліметтерінде.

Биылғы аталған үш айда ауыл шаруашылығында шығарылған өнімінің жалпы көлемі 206,9 млрд. теңгені құрап, нақты көріністе 2012 жылғы қаңтар-наурыздағы деңгейден 0,4% артық.

Соңғы жаңалықтар