Биылғы жаңа оқу жылында республика бойынша 1-ші сыныпқа 260 мыңнан астам астам оқушы барады - Үкімет отырысы

ТАНА. 16 тамыз. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Биылғы жаңа оқу жылында республика бойынша 1-ші сыныпқа 260 мыңнан астам оқушы барады.

Биылғы жаңа оқу жылында  республика бойынша 1-ші сыныпқа 260 мыңнан астам  астам оқушы барады - Үкімет отырысы

Бұл туралы бүгін селекторлық режимдегі Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.

«1-ші қыркүйекте Қазақстанның барлық мектептері есігін ашады. Олардың саны - 7741», - деді ведомство басшысы.

Министрдің сөзіне қарағанда, жаңа оқу жылында республикада 2,5 миллионнан астам оқушы білім алатын болады.