Биылғы жартыжылдықта Емдеуге жатқызу бюросының порталы қызметін 470 мыңнан астам адам тұтынған

АСТАНА. 9 тамыз. ҚазАқпарат - ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында Емдеуге жатқызу бюросының порталы қызметіне 470 мыңнан астам қазақстандық жүгінген.

Биылғы жартыжылдықта Емдеуге жатқызу бюросының порталы қызметін 470 мыңнан астам адам тұтынған

Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Республикалық емдеуге жатқызу бюросының басшысы Анар Құсайынова мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл көрсеткіш өткен жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткіштен 3 мың адамға көп.

Бюроның берген мәліметтеріне сәйкес, емдеуге жатқызудың ең жоғарғы үлес салмағы Қостанай, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарына тиесілі болып отыр.

«Соған сәйкес, күту парағынан алынып тасталған өтінімдер үлесі аталмыш аймақтарда  ең аз, небары 3 пайызды құрайды», - деді А. Құсайынова.