Биылғы жаз айтарлықтай ыстық болмайды - Қазгидромет

АСТАНА. 11 маусым. ҚазАқпарат -Ыстық ауа райы шілде айында Қазақстанның батысы мен шығысында, тамызда - оңтүстік пен оңтүстік-шығыста күтілуде. Бұл туралы «Қазгидрометтен» мәлім етті.

Биылғы жаз айтарлықтай ыстық болмайды - Қазгидромет

«Қазгидрометтің» болжамдарына сәйкес, жаздың бірінші айының алғашқы жартысындағы нөсір жауындарға қарамастан, маусым айында ауа температурасы мен жауын-шашындардың көлемі көп жылдарғы ауа райына жақын болады. Тек Қазақстанның оңтүстік бөлігінде айлық орташа температура әдеттегіден 1-2 градусқа жоғары болмақ.

Сонымен бірге, алдын ала болжамдар бойынша, жаз маусымының ортасында Қазақстанның батысы мен шығысында ауа райы ыстық болады, республиканың батысы жауын-шашыннан тапшылық көреді деп күтілуде. Қалған аумақтарда ауа райы көп жылдарғы қалыптың орташа деңгейінде болады.

Ал тамыз айында күн елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ысиды, республиканың солтүстігінде, таулы және тау бөктерлерінде жаңбырлы болады.

«Жалпы, 2011 жылдың жаз айлары аптап ыстықтар болған - 2010 жылдың жазындай айтарлықтай ыстық болмайды», - делінген «Қазгидрометтің» таратқан хабарламасында.

Зерттеулер көрсеткендей, 1960-2010 жылдар аралығындағы соңғы 50 жылда жаз маусымы салқын және ылғалды емес, жылы және құрғақ болып келді.