Биылғы ЖІӨ 4 444,3 млрд. теңгені құрайды - ҚР ЭБЖМ
АСТАНА. 31 қазан. ҚазАқпарат - 2013 жылы Жалпы ішкі өнімнің номиналды көлемі 34 444,3 млрд. теңгені құрайтын болады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев айтты.
«2013 жылы Жалпы ішкі өнімнің номиналды көлемі 34 444,3 млрд. теңгені құрайтын болады, бұл мамырдағы мақұлданған көрсеткішке қарағанда 153,3 млрд. теңгеге, оның ішінде базаның әсері есебінен 128,4 млрд. теңгеге, Жалпы ішкі өнім дефляторының 107,0%-дан 107,1%-ға дейін 24,9 млрд. теңгеге өсуі әсері есебінен жоғары», - деп атап өтті Е. Досаев.
Министрдің айтуынша, 2013 жылы Жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі жоспарланған алты пайыздық деңгейде болжанады.