Биылғы жылдың 2 айындағы қорытынды бойынша сауда балансының оң сальдосы 5,4 млрд. АҚШ долларын құрады - Ж. Айтжанова
әуірдің 20-сы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Сауда балансының оң сальдосы биылғы жылдың екі айының қорытындысы бойынша 5,4 млрд. долларды құрады.
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында биылғы жылғы бірінші тоқсанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қорытынды жасау кезінде Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бұл көрсеткіш әлемдік нарықтардағы қолайлы баға конюктурасымен қоса әлемдегі іскерлік белсенділіктің артуына, Қазақстан тауарлары экспортының 60 пайызға өсуіне себеп болды. Ал шетелден келетін тауарлардың импорты 17,7 пайызға қысқарды», деді ведомство басшысы.