Биылғы жылдың 3 айындағы есеп бойынша жасөспірімдер қылмысы республика бойынша 12 пайызға кеміді
АСТАНА. 13 сәуір. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Биылғы жылдың 3 айында жасөспірімдер тарапынан жасалған қылмыстар саны өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 12 пайызға кеміді.
Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет төрағасы Марат Ахметжанов мәлім етті.
Ол келтірген деректерге қарағанда, еліміз бойынша биылғы жылдың бірінші тоқсанында жасөспірімдер қылмысы біршама артып кеткен аймақтар да бар. Атап айтқан, жасөспірімдер қылмысы Астанада 360 пайызға, Жамбыл облысында, 86,5 пайызға, Қызылорда облысында 71,4 пайызға, Оңтүстік Қазақстан облысында 55,4 пайызға өсіп кеткен.