Биылғы жылдың 9 айында Алматыда 4989 пәтер пайдалануға берілді
АЛМАТЫ. Қазанның 14-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алматыда биылғы жылдың 9 айында 738,7 мың шаршы метр 4989 пәтер пайдалануға берілген. Бұл туралы бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматыдағы «Жол картасы» бағдарламасының орындалуы, тұрғын үй құрылысы туралы есеп берген қала әкімі Ахметжан Есімов мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Өткен жылы қалада 618,4 мың шаршы метр 3985 пәтер берілген. Биылғы көрсеткіш былтырғыдан 1004 пәтерге артық. Биылғы 66,5 мың шаршы метр 886 пәтер мемлекеттік қаржыға, 459,3 шыршы метр 3243 пәтер коммерциялық мақсаттағы жекелеген қаржыға салынған.Қазіргі кезде қалада мәселесі шешілмеген 10096 үлескер бар.Ал құрылысы аяқталмаған тұрғын үй саны - 47. Жыл басынан бері 2339 үлескері бар 16 тұрғын үй құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген.Жыл аяғына дейін тағы 2417 үлескер пәтерлі болады.