Биылғы жылдың 9 айында Қазақстанда жұмыс және қызмет көрсету мен тауарларды сатып алу көлемі жалпы 4,8 трлн. теңгені құрады

АСТАНА. 18 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Биылдың 9 айында Қазақстанда жұмыс және қызмет көрсету мен тауарларды сатып алу көлемі жалпы 4,8 трлн. теңгені құрады.
None
None

Бұның ішінде 2,5 трлн. теңгесі отандық жеткізушілердің үлесінде. Бұл туралы бүгін Астанада қазақстандық қамтуды дамыту мәселесіне арналған кеңесте Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Қазақстандық қамтуды дамыту департаментінің директоры Серік Кәмелі айтты.

Осы көрсетекіштерді ескере отырып қазақстандық қамтудың үлесі 51,1 пайызға жеткізіліп отыр. Атап айтқанда, мемлекеттік органдардың сатып алуы 154,8 млрд. теңгені құрады, сондай-ақ оның ішінде қазақстандық қамту 57,7 пайыз деңгейінде қалыптасты. Ал кен орнын пайдаланушылардың сатып алу көлемі 3 711,5 млрд. теңгені құрады (оның ішінде қазақстандық қамту 55,5 пайыз). Мұнымен қоса ұлттық компаниялардың сатып алуы көлемі 307,4 млрд. теңгеге жетіп, бұндағы қазақстандық үлестің деңгейі 56,5 пайыз көрсеткішімен қалыптасты. Жүйе құраушы кәсіпорындардың сатып алулары 635,9 млрд. теңгені құрады (оның ішінде қазақстандық қамту 21,2 пайыз).

Соңғы жаңалықтар