Биылғы жылдың 9 айындағы тауарлар мен жұмыстардың және қызметтердің көлемі 4,8 триллион теңгені құрады
Бұл туралы бүгін қазақстандық қамту мәселелеріне арналған мәжіліс барысында Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жергілікті қамту жөніндегі департаментінің директоры Серік Камалиев мәлім етті.
Оның айтуынша, осылайша қазақстандық қамту деңгейі 51,1 пайызды құрады. Ал мемлекеттік органдардың мемлекеттік сатып алу көлемі 154,8 миллиард теңгені құрады. Оның ішінде қазақстандық қамту 57,7 пайыз. Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алған тауарлар көлемі 3 711,5 миллиард теңгеге жетті. Оның ішінде қазақстандық қамту - 55,5 пайыз. «Ал ұлттық компаниялардың сатып алулар көлемі 307,4 миллиардты құраса, оның 56,5 пайызы қазақстандық қамтуға тиесілі. Сондай-ақ жүйеқұраушы кәсіпорындардың сатып алулары 635,9 миллиардты құрап, оның 21,2 пайызы қазақстандық қамту болды»,-деді департамент бастығы.