Биылғы жылдың алғашқы үш айында ІЖӨ-нің өсімі 6-7 пайыз деңгейінде болмақ

АСТАНА. Сәуірдің 13-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Биылғы жылдың алғашқы үш айында ІЖӨ-нің өсімі 6-7 пайыз деңгейінде болмақ. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов айтты,

Биылғы жылдың алғашқы үш айында ІЖӨ-нің өсімі 6-7 пайыз деңгейінде болмақ

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Агенттік басшысы Ішкі жалпы өнім деңгейі 6-7 пайыз деңгейінде болуы мүмкін екенін айта келе, бұл болжам қысқа мерзімді экономикалық индикатордың көрсеткіштеріне негізделетінін жеткізді. Атап айтқанда, биылғы жылғы қаңтар-наурыз айларында өткен жылдағы осы мерзімге қарағанда қысқа мерзімді экономикалық индикатор 108,3 пайызды құрады. Ал қысқа мерзімді экономикалық индикатор алты базалық саланың шығарылым индексінің өзгерісіне негізделеді. Яғни, онда ІЖӨ-нің 67-68 пайызын құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, көлік, құрылыс, сауда мен байланыс салалары қамтылған.

Ә. Смайыловтың сөзіне қарағанда, ІЖӨ-нің нақты есептілігі 2010 жылғы мамыр айында белгілі болады.