Биылғы жылдың бюджетінде сирек кездесетін індеттерді емдеуге 3 миллиард теңгеден астам қаржы қарастырылып отыр

АСТАНА. 28 ақпан. ҚазАқпарат - Биылғы жылдың бюджетінде сирек кездесетін індеттерді емдеуге 3 миллиард теңгеден астам қаржы қарастырылып отыр.
None
None

Бұл туралы бүгін Сирек кездесетін аурулардың халықаралық күніне орай ұйымдастырылған «Астана-Тбилиси-Киев» бейнекөпірінде Денсаулық сақтау министрлігінің Көмекті  ұйымдастыру департаментіне қарасты Ана мен баланы қорғау басқармасының бастығы Мағрипа Ембергенова мәлім етті. 

Оның деректеріне қарағанда, 2011 жылы республикалық бюджеттен сирек кездесетін ауруларды емдеуге 1 миллиард 168 миллион 620 мың теңге бөлінген. Ал 2012 жылы бұл бағытқа 3 миллиард 708 миллион 324 мың теңге қарастырылып отыр. «Бұл ретте балалардың арасында сирек кездесетін ауру муковицидиозбен сырқаттанғандарға 104 миллион 183 мың теңге, ал мукополисахарадиозды емдеу үшін 676 миллион 471 мың теңге, гоше ауруымен науқастанғандарды емдеу үшін 1 миллиард 86 миллион теңге бөлінеді»,- деді басқарма бастығы. 

Соңғы жаңалықтар