Биылғы жылдың екі айында жемқорлық әрекеттерінен келген шығын 44 миллиард теңгеге жуықтады ? А.Лукин

АСТАНА. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Биылғы жылы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі жемқорлықпен байланысты 1 мың 413 қылмыс тіркеді.
None
None
Ал өткен жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 1 мың 3 болған. Бұл туралы бүгін Қазақстан студенттері Альянсының өкілдерімен кездесуі барысында аталмыш ведомство басшысының орынбасары Андрей Лукин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның айтуынша, аталған заңсыз әрекеттерден келген шығын 44 миллиардқа жуық теңгені құраған. «Қазіргі таңда елімізде көптеген мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар тарапынан жемқорлық мәселесіне байланысты әлеуметтік сауалнамалар жүргізілуде. Осы орайда айта кететін мәселе, еліміздегі жемқорлық әрекеттері ең көп тарағаны білім саласы болып отыр. Олардың басым бөлігі мемлекеттік тапсырыспен байланысты. Екіншіден, жалған аттестаттар беру оқиғалары жиі кездеседі. Ал білім саласы қызметкерлеріне берілетін жалақының да жағдайы мәз емес», - дейді агенттік төрағасының орынбасары. Оның келтірген мәліметтеріне қарағанда, Ақмола облысының Жарқайың ауданындағы балабақша меңгерушісі 2 миллионнан астам теңгені жымқырып кеткені үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылған. «Ал Астанадағы мектептердің бірінің директоры онда жұмыс істемейтін біреулердің атына жалақы аударып отырған. Бұл қаржы 6 миллион теңгені құрады. Біздің жемқорлықпен күрес бағытындағы жұмыстарымыз алдағы уақытта да белсенді жалғаса береді», - деді А.Лукин.
Соңғы жаңалықтар