Биылғы жылдың І жартыжылдығында өңірде өнеркәсіп өнімінің көлемі 129,8 млрд. теңгені құрады - Ақмола облысы
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Биылғы жылдың І жартыжылдығында өңірде өнеркәсіп өнімінің көлемі 129,8 млрд. теңгені құрады.
Бұл туралы аймақ әкімі Сергей Кулагинн і ң төрағалығымен өткен облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының 2014 жылғы І жартыжылдықтағы қорытындысы және бюджетінің орындалуының нәтижелері жайлы сала басшыларының есеп беру мәжілісінде айтылды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
Мәжілісте сала басшыларымен қатар, аудан әкімдері мен облыстық басқарма басшылары да алғашқы ж а ртыжылда атқарылған жұмыстар жайлы баяндама жасады.
2014 жылдың І жартыжылдығында өңірде өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі 129,8 млрд. теңге ні құраған.
2010-2014 жылдары ҮИИД МБ шеңберінде өңірде құны 716,7 млрд.теңге болатын 63 жобаны жүзеге асыру көзделген. Бүгінгі дейін бағдарлама аясында 105,3 млрд.теңгеге 44 жоба іске қосылып, 4 мыңнан астам адам тұрақты еңбекпен қамтылды. Алдағы уақытта тағы 9 жоба іске қосылады жоспарланып отыр.
Жартыжылдықта ауы л шаруашылығы өнімнің көлемі 36,3 млрд. теңгені құрады. Биыл облыста 4203,8 мың га егістік алқабына дәнді дақылдар егілді.
Іра қара саны 6,4 пайызға артып, бүгінгі күні 417,7 мың басқа жетті. Жыл басынан бері облыстың ауылшаруашылық тауар өндіруші компаниялары Астана базарларына 21,1 мың тонна сүт, 5,1 мың тонна ет өнімдері мен 69 млн. дана жұмыртқа жеткізді. Ал, Астана қаласының азық-түлік белдеуі бағдарламасы аясында облыста 12,2 млрд. теңгеге 20 жоба жүзеге асырылуда.
Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтуға бағытталған «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша 6,7 млрд. теңгеге 24 жоба жүзеге асыру көзделген.
Жарты жылда әлеуметтік салада ілгер ілеуш ілік байқалады. Мәселен, облыста «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда. 2014 жылы Ақмола облысына 4,5 млрд.теңге қарастырылған. Бағдарламаның үш бағыты бойынша бүгінгі күні жұмыстар қарқынды жүргізілуде.
Сондай-ақ облыста әлеуметтік нысандарды салу, қалпына келтіру бойынша жан-жақты жұмыстар қолға алынған.
Мәжілісті қортындылай келе облыс әкімі Сергей Кулагин сала басшылары мен әкімдерге бірқатар тапсырмалар жүктеді. Ең бірінші - облыс қазынасына түсімді инвестициялар тарту арқылы көбейту, сондай-ақ ҮИИБ арқылы жүзег е асырылып , бірақ толық қуатымен жұмыс істемей жатқан нысандардың толық қуатпен жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Сонымен қатар, құрылысы жүріп немесе жөндеуден өтіп жатқан әлеуметтік нысандардың өз мерзімінде тапсыр уды, бөлінген қаржыны тиісті уақытында игеруді жүктеді.