Биылғы жылдың қаңтар-қарашасында еліміздегі ет өндірісі 13 пайызға артты - Статистика
АСТАНА. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстанда ет өндірісі 2013 жылдың қаңтар-қарашасында 194 мың 98 тоннаны құрады. Осылайша көрсеткіш 2012 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13 пайызға артық. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің ай сайынғы есебінде жарияланған.
Статистика мәліметтеріне сәйкес, еліміздегі сүт өндірісі 429 604 тоннаны (+25,6%), ұн - 3 559 071 тоннаны (-2,5%), нан - 664 446 тоннаны (+6,1%), жарма 36 783 тоннаны құраған.
Жалпы алғанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін шығару қаңтар-қарашада 10,9 пайызға өскен. Есепті кезеңдегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 2 трлн. 308 млрд. теңгені құрайды. Бұл ретте мал өнімдерін шығару 959,3 млрд. (+1,2%) теңгені, өсімдік өнімдері - 1342,8 млрд. (+19,9%) теңгені, қызмет көрсету 5,9 млрд. теңгені құрап отыр.