18:34, 15 Қазан 2012 | GMT +5
Биылғы жылдың қаңтар-тамызында сыртқы сауда айналымы 90 млрд. долларға жуықтады
АСТАНА. 15 қазан. ҚазАқпарат - Биылғы жылдың қаңтар-тамызында сыртқы сауда айналымы 90 млрд. АҚШ долларына жуықтады. Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігінде өткен брифингте аталған ведомствоның басшысы Әлихан Смайылов мәлім етті.
«2012 жылғы қаңтар-тамызға сыртқы сауда айналымы 89984,3 млн. АҚШ долларын құрап, 2011 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 13,5% өсті, оның ішінде экспорт - 62093,2 млн. АҚШ долларын (9,3% өсті), импорт - 27891,1 млн. АҚШ долларын құрады (24,1% өсті)»,-деді агенттік басшысы.
Оның сөзінше, Кеден Одағы елдерін бөлек алып қарағанда, бұл тұрғыда тауар айналымында біршама төмендеу байқалуда. Атап айтқанда, бұл мәселе сыртқы нарықтарда металлургиялық өнімге сұраныстың төмендеуі орын алды. «Сәйкесінше, метталургиялық өнімнің Қазақстаннан экспорты да барша елдерге қысқарды. Оның ішінде Ресей бағытында да азайды»,-деп түйіндеді ол.