12:36, 16 Наурыз 2009 | GMT +5
Биылғы жылдың соңына дейін 4 мемлекеттік орган интерактивті жұмыс тәртібіне көшеді ? З. Балиева
АСТАНА. Наурыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 2009 жыл соңына дейін Қазақстанның 4 мемлекеттік органы интерактивті жұмыс тәртібіне көшеді. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Үкімет сағатында баяндама жасаған Әділет министрі Зағипа Балиева мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ағымдағы жыл соңына дейін 4 мемлекеттік органның жұмыс жүйелері ықпалдастық тәртібіне көшетін болады. Бұлар ? Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Қорғаныс министрлігі және Төтенше жағдайлар министрлігі. Яғни, жыл соңына дейін аталған төрт министрліктің барлық қызметтері мен ұсыныстары ақпараттық қамтамасыз ету жүйесінде болады. Расын айтқанда, бүгінгі қолға алынып отырған «Электрондық үкімет» мәселесі өте тиімді жұмыс болып табылады. Атап айтқанда, бұл бағытта бүгінгі күні өзекті болып отырған негізсіз шығыстарды азайту қамтылып, интерактивтік, он-лайн тәртібі енгізіледі», деді З. Балиева.