Биылғы жылдың соңына дейін қазақ тілді БАҚ-тар үшін арнайы интернет портал ашылады

АЛМАТЫ. 12 қараша. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Осы жылдың аяғына дейін қазақ тілді БАҚ-тар үшін арнайы интернет портал ашылады. Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан үшінші медиақұрылтай барысында ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің, Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы Болат Берсебаев айтты.

Биылғы жылдың соңына дейін қазақ тілді БАҚ-тар  үшін арнайы интернет портал ашылады

Оның айтуынша bak.kz деп аталатын порталдың негізгі қызметі -интернет бетінде қазақ тілді басылымдардың басын қосу. «Біз бұл арқылы қазақ тілді басылымдарды интернетке тартуды көздейміз. Порталда қазақ тілді БАҚ-ы тіркеліп, өз өнімдерін жариялай алады. Алғашқы уақытта барлық қазақ тілді БАҚ-ының басын ортақ порталда біріктіретін болсақ, одан кейінгі уақытта әрқайсысысының жеке сайтының ашылуына ықпал жасаймыз», - деді Б.Берсебаев.