Биылғы жылғы 3,5 айда 8 техникалық байқау орталығы тіркелімнен шығарылды - ҚР ККМ
2013 жылдың басынан бері автокөліктерді техникалық байқаудан өткізу ережелерін бұзғаны үшін техникалық байқауды өткізетін 44 операторға айыппұл салынған, ал 8 техникалық байқау орталығы (ТБО) тіркелімнен шығарылды.
2012 жылы осындай себептерге байланысты техникалық байқау жөніндегі 70 операторға әкімшілік айыппұл салынып, 9 ТБО тіркелімнен шығарылған болатын.
Көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Әсет Асанбаевтың айтуына қарағанда, 1 шілдеге дейін техникалық байқау жөніндегі 33 операторды тексеру көздеуде.
Техникалық бақылауды өткізу туралы ережеге сәйкес тәртіп бұзушылық қайталануы анықталған жағдайда Техникалық байқау орталығы тіркелімінен шығарылады да мұндай қызмет көрсету құқығынан айырылады.
Еске сала кетсек, қазіргі уақытта елімізде 337 техникалық байқау орталығы (686 желі) жұмыс жасайды.