Биылғы жылғы ФАО басшысы сайлауына бірден-бір үміткер қазіргі бас директоры дауысқа түседі
АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) қазіргі Бас директоры Жозе Грациану да Силва биылғы жылғы Ұйым басшысы қызметіне сайлауда бірден-бір үміткер болып дауысқа түседі, деп хабарлады аталған халықаралық ұйымның баспасөз қызметі.
Үміткерлерді ұсынудың соңғы мерзімі 31 қаңтарда аяқталды, ФАО мүше-елдерінен Бразилия үкіметінен Жозе Грациану да Силваны екінші мерзімге қайта сайлау жөнінде бір ғана өтінім түсті.
Бас директор лауазымына төрт жылға сайлау 2015 жылғы 6 маусымда Ұйымның жоғарғы басшы органы - ФАО 39-шы конференциясында (6-13 маусым) өтеді. Әрбір ел мұнда бір дауысқа ие, дауыс беру жабық-жасырын өтеді. Сайлау нәтижесі қарапайым көпшілік дауыспен бекітіледі.
Грациану да Силва алғашқы мерзімге 2011 жылы маусымда сайланған болатын. ФАО Бас директоры қатарынан екі мерзімге ғана сайлана алады.