Биылғы жылы Астананың жалпы өңірлік өнімі 7 пайызға өсті

АСТАНА. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат - Биылғы жылы Астананың жалпы өңірлік өнімі 7 пайызға жоғарылады.

Биылғы жылы Астананың жалпы өңірлік өнімі 7 пайызға өсті

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында елорданың әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлім етті.

«2013 жыл бойынша қаламыздың жалпы ішкі өнімі 7 пайызға өсіп, 2 трлн. 700 млрд. теңгеден асады деп күтудеміз. Өнеркәсіп өнімі 230 млрд. теңгені құрайды. Орташа жалақы мөлшері 165 мың теңге болады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15 пайызға артық»,-деді әкім.

Оның сөзіне қарағанда, биыл шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың нәтижесінде олардың өндіретін өнімінің көлемі алғаш рет 1 трлн. 100 млрд. теңгеге жетті.