Биылғы жылы ауылға кең қолдау болмаса, басқа саладан жақсы табыс күту қиын ? К. Сағадиев

АСТАНА. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Биылғы жылы ауылға кең қолдау болмаса, басқа саладан жақсы табыс күту қиын. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында ауыл шаруашылығын қолдау мәселесін көтерген депутат Кенжеғали Сағадиев осылай мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Депутаттың айтуынша, «Нұр Отан» ХДП фракциясының отырысында Үкіметке ауылдық жерлерде мал басын сақтап қалу үшін жемшөпке мемлекеттік қолдау жасау сұралған болатын. Бірақ, бұл мәселе әлі күнге түбегейлі шешімін таппай отыр. «Қазақстандағы өңірлердің басым бөлігі мал шаруашылығымен айналысып келеді. Сондықтан да, бұл салаға қолдау көрсету жұртшылықтың тұрмыс деңгейін қалыпты ұстап тұру үшін де қажет. Сонымен бірге, соңғы кезде осы салаға байланысты бірқатар келеңсіз әңгімелер де айтылып жүр. Мәселен, «ҚазАгро» компаниясы ауыл шаруашылығында қызмет ететін кейбір кәсіпкерлерге олардағы мал саны 5-мыңнан асқанда ғана несие бере алатындықтары туралы мәлімдеме жасапты. Сонда мал басы 5 мыңға жетпегендер қалай күнелтпек? Дәл сол секілді тағы бір кәсіпкер жаңағы «ҚазАгроға» 2 мың жылқыны бағу жөнінде жоба ұсынған екен, ол «аграрлық көмек бағдарламасында жылқы атаулыға қатысты жоба жоқ», деген жауап алыпты. Осы мәселенің барлығын Үкімет қайта қарап, ауылға деген көзқарасты пысықтай келе, қолдан келгенше жағдайды жақсартуы қажет. Өйткені, биылғы жыл ауылға көмек бермесек, онда басқа жерден жақсы табыс күту мүмкін емес», деді депутат.
Соңғы жаңалықтар