Биылғы жылы Балқашта 10 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріледі

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қарағанды облысына жұмыс сапары кезінде «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру барысын тексерді. Үкімет басшысы Қарағанды-Балқаш автожолын қайта жаңартудың үш ірі учаскесінде болып, Балқаштағы жаңа тұрғын үй құрылысының барысын көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биылғы жылы қалада халықтың әлеуметтік осал топтары санаты бойынша кезекте тұрғандар үшін екі тұрғын үй құрылысы басталды. Сондай-ақ тағы 6 тұрғын үй салу жоспарланған.

Өткен жылы 5 497 шаршы метр тұрғын үй салынды. 2020-шы жылы 10 800 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Соңғы жылдары тұрғын үй негізінен «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде бюджет қаражаты есебінен салынды. Қарқын жоғары болуы мүмкін, бірақ коммерциялық және жеке тұрғын үй құрылысын жылумен жабдықтау қуатының жетіспеуі кедергі келтіруде.


Осы мақсатта «Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы» жобасы әзірленіп, іске асырылуда, ол энергия, жылу және сумен жабдықтау, атап айтқанда, «Самал» ықшамауданындағы проблемаларды шеше отырып, тұрғын үй құрылысын «жандандыруға» мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, Балқаш ЖЭО-дан «Қоңырат» ықшамауданына дейін жылу беру құбырының құрылысы да ерекше назар аударуды талап етеді. Жергілікті билік 2022 жылға қарай жылу проблемасын толық шешуге уәде беріп отыр.


Үкімет басшысы сондай-ақ Kazakhmys Smelting ЖШС Балқаш мыс балқыту зауытында болды. Онда Премьер-Министрге өндірістік үдеріс және кәсіпорынды одан әрі дамыту жөніндегі жоспарлар таныстырылды.


Соңғы жаңалықтар