18:27, 13 Наурыз 2009 | GMT +5
Биылғы жылы дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлеріне сұраныс арта түседі ? Ж. Досқалиев
АСТАНА. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат /Дамир Байманов/ - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің болжамынша, биыл дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлеріне сұраныс арта түседі.
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев ведомство активімен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Дағдарыстан ? дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау мәселелеріне арналған кездесуде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Денсаулық сақтау саласында кадрлар жетіспеушілігі байқалады, атап айтқанда, 6000-нан астам дәрігер және 3000 орта медицина қызметкері жетіспейді», - деді министр. Ол сондай-ақ министрлік кадрларды қайта даярлау үшін қысқа мерзімді курстар ұйымдастыруды жоспарлап отырғанын айтты (дәрігерлер үшін ? үш айға дейін, орта медицина қызметкерлері үшін ? екі айға дейін). Сондай-ақ мамандарды сертификаттау рәсімі жеңілдетіледі және оның мерзімі қысқартылады. Бұл мақсатқа жалпы көлемі 555,4 млн. теңге қарастырылып отыр.