Биылғы жылы егілетін барлық ауыл шаруашылығы дақылдарының аумағы 21,3 млн. гектарды құрайды

АСТАНА. 20 сәуір. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Биылғы жылы егілетін барлық ауыл шаруашылығы дақылдарының аумағы 21,3 млн. гектарды құрайды.
None
None

Бұл туралы бүгін селекторлық режимдегі Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлімдеді.

Оның сөзіне қарағанда, ағымдағы жылғы егіс алқаптары шамамен өткен жылғымен сәйкес келіп тұр. Атап айтқанда, мал шаруашылығын дамытуға байланысты мал азығына негізделген егіс алқаптары артатын болады. Сонымен қатар көкөніс, бақша дақылдары, мақта егістері және қант қызылшасының егіс алқаптары ұлғаяды.

«Жазғы астықты 18,6 млн. гектарға егу жоспарланып отыр. Егін егу науқанына дайындық жұмыстары жоспарлы тәртіпте жүргізіліп жатыр»,-деді министр.

Ведомство басшысының айтуынша, көктемгі егін егу науқанында республикалық бюджеттен және «ҚазАгро» холдингінің тарапынан 88,2 млрд. теңге бағытталмақ. Оның ішінде 78 млрд. теңгесі бюджеттік қаржы есебінен.

Соңғы жаңалықтар
Референдум