Биылғы жылы экономиканың жоспарланған 6 пайыздық өсіміне қол жеткізуге негіз бар - Е. Досаев

Министрдің сөзіне қарағанда, қайта өңдеу өнеркәсібіндегі өсімнің төмен қарқыны металлургиялық өнеркәсіп өндірісі көлемінің 5,1 пайызға төмендеуіне байланысты. Оның үлесі салада 36,4 пайыздан асып отыр. Мұның ішінде 9 айда қара металлургияның өндірісі 14 пайызға қысқарды.
Осы орайда ол жыл соңына дейін аталған өндіріс көлемі тағы да төмендеуі мүмкін екендігін ескеріп өтті. Бұл проблема инвестицияның жетіспеушілігінен және оның теңдей бөлінбеуіне байланысты болып отыр. Мәселен, барлық инвестицияның 32 пайызы тау-кен өндіру өнеркәсібіне тиесілі. Сонымен қатар өңдеу өнеркәсібінің үлесі тек ғана 11,3 пайызды алып отыр.
«Экономиканың өсімін қамтамасыз ету тұрғысында министрлік макроэкономикалық тұрақтылықты, экономикалық және іскерлік белсенділікті, еңбек өнімділігін қолдау бойынша шараларға негізделеді», - деп түйді Е. Досаев.