Биылғы жылы еліміздің 5 облысында жаңа туған нәрестелерге хирургиялық көмек көрсететін бөлімшелер ашылады

АСТАНА. 17 ақпан. ҚазАқпарат - Биылғы жылы еліміздің 5 облысында жаңа туған нәрестелерге хирургиялық көмек көрсететін бөлімшелер ашылады.

Биылғы жылы еліміздің 5 облысында жаңа туған нәрестелерге хирургиялық көмек көрсететін бөлімшелер ашылады

Бұл туралы бүгін Ана мен бала ортылығында неонаталды хирургияны дамыту мәселесіне байланысты өткен баспасөз-мәслихатында «Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамы Басқарма төрағасының орынбасары Тамара Вощенкова мәлім етті.

 Оның айтуынша, еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шараларының аясында мемлекетімізде неонаталды хирургияны дамытудың 3 жылға арналған «жол картасы» жасалды. Аталмыш карта бойынша атқарылуы тиіс істер 2011 жылы Астана мен Алматы қалаларында үйлестіру орталықтары ашылған уақыттан басталды. «Ана мен бала ұлттық ғылым орталығы» базасында неонаталды хирургияны дамытуға бағытталған үйлестіру орталықтары республикалық деңгейде қызмет көрсететін мекеме болып табылады. Республикалық үйлестіру орталықтарының басты мақсаты - жаңа туған нәрестелерге хирургиялық көмек көрсетудің тиімді үлгісін қалыптастыру болып табылады. Орталық балалар өлімінің екінші себебі болып табылатын туа біткен ақаулардың салдарынан мерт болатын нәрестелер санын азайту болып табылады. Нәрестелерге хирургиялық көмек көрсететін бөлімшелер алдағы 3 жылда еліміздің барлық облыстарында қызмет ете бастайды.