Биылғы жылы елордада үлескерлердің қатысуымен салынып жатқан тұрғын үй құрылысы, сондай-ақ мансардтық құрылыс проблемалары шешіледі - И.Тасмағамбетов

АСТАНА. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат /Серік Сәбеков/ - Биылғы жылы елордада үлескерлердің қатысуымен салынып жатқан тұрғын үй құрылысы, сондай-ақ мансардтық құрылыс проблемалары шешіледі. Бұл туралы бүгін елорданы одан әрі дамыту мәселелері бойынша өткен кеңесте Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов айтты.
None
None

И.Тасмағамбетов 2007 жылдың соңында елордада 37 197 үлескердің, соның ішінде 6 922 алданған үлескердің қатысуымен үлескерлік құрылыстың 227 нысаны болғанын еске салды.

«Бүгінгі күні Сіздің тікелей араласуыңызбен және қолдауыңызбен Астанада 166 үлескерлер нысаны проблемалары шешілді, оларда 27 940 адам бар. Өткен жылы 12,5 мың үлескер қатысатын 62 нысан аяқталды, оның 3,5 мыңы - алданған үлескерлер», - деп атап өтті әкім ҚР Президентіне қарата айтқан сөзінде.

Сондай-ақ И.Тасмағамбетов биыл 12 361 үлескер қатысуымен қалған 61 нысан аяқталуы жоспарланып отырғанын атап көрсетті.

«Яғни біз үлескерлер қатысуымен тұрғын үй құрылысы проблемасын биыл шешуді жоспарлап отырмыз. Бұдан басқа 298 мансард құрылысы қатысушыларының проблемасы да шешіледі», деп уәде берді қала басшысы.

Соңғы жаңалықтар