Биылғы жылы ірі қара еті бағасының өсуі Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарындағы жағдайға байланысты

АСТАНА. Мамырдың 11-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Биыл ірі қара мал еті 8 пайызға қымбаттады.
None
None

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2010 жылдың қаңтар-сәуірінде ет және ет өнімдерінің бағасы 5,5 пайызға қымбаттаған. Оның ішінде ірі қара еті 8 пайызға жоғарылаған.

«Құс етінен басқа еттің барлық түрлерімен еліміз өзін-өзі қамтамасыз етіп отыр. Ірі қара етінің 30 пайызы Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында өндіріледі. Ал бұл өңірлерде қыстың қатты болуына, сондай-ақ төтенше жағдайларға байланысты мал шаруашылығына ықпал етті. Атап айтқанда бұл факторлар ірі қара етінің бағасының өсуіне әсер етті»,- деді министр.

Ж. Айтжанованың сөзіне қарағанда, елімізде құс етін ішкі тұтыну көлемінің 70 пайызы импортқа тәуелді. «Біз 30 пайызын өзіміз өндіреміз. Қалғанын негізінен АҚШ-тан тасымалдаймыз»,- деді министр.

Соңғы жаңалықтар