Биылғы жылы ІЖӨ-ді 7 пайыздық өсім деңгейінде қамтамасыз етуге үдетілген индустриялдық-инновациялық бағдарлама аясындағы нысандардың іске асырылуы мүмкіндік береді

АСТАНА. Мамырдың 11-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Биылғы жылы ІЖӨ-ді 7 пайыздық өсім деңгейінде қамтамасыз етуге үдетілген индустриялдық-инновациялық бағдарлама аясындағы нысандардың іске асырылуы мүмкіндік береді.
None
None

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осы орайда министр Ішкі жалпы өнімнің өсімі негізгі экспорттық тауарлардың әлемдік бағасына байланысты екенін және бұл бағытта оң үрдістер байқалып отырғандығын жеткізді. «Шілденің 1-іне қарай Үдетілген индустриялдық-инновациялық мемлекеттік бағдарламасы аясында 70 жоба іске қосылады. Бұл өз кезегінде экономикаға, ІЖӨ-ге өз ықпалын жасайтын болады»,-деді Ж. Айтжанова.

Айта кетейік, Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов бұл бағытта тиісті шараларды атқаруды жүктеген еді. «Біз 2009 жылды тәп-тәуір нәтижелермен аяқтадық. Ендігі жаңа міндет - оң нәтижелер аздық етеді, біз экономикада қол жеткізілген тұрақты өсімді қамтамасыз етуіміз қажет. Тұрақты өсім - 7 пайыз. Осы цифрдың төңірегінде жұмыс істеп, қосымша резервтерді тауып, жұмылдыруымыз керек», деді Премьер-Министр.

Соңғы жаңалықтар