Биылғы жылы Қазақстанда электр энергиясын өндіру сағатына 78 миллиард 700 миллион Кватт-қа жетеді

АЛМАТЫ. Қарашаның 3-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Биылғы жылы Қазақстанда электр энергиясын өндіру сағатына 78 миллиард 700 миллион Кватт-қа жетеді. Ал пайдалану 77 миллиард 800 миллион кВ сағатты құрайды. 
None
None

ҚР Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі Дүйсенбай Тұрғанов бүгін Алматыда «Power Kazakhstan 2009» энергетиктер форумының ашылуында  осындай болжам айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл бізде оң бағытты сальдо бар екенін көрсетеді. Бұнымен қатар электр энергиясының импорт-экспортының да оң бағытты сальдосы бар. Биылғы жылы экспорт 1 миллиард 800 миллион кВ сағатқа жетеді. Бұл біздің жүйе құрушы 2 желісті іске қосқанымыздың нәтижесінде мүмкін болып отыр. Бұнымен қатар біз Ресей электр энергиясының импортынан құтылдық» деді вице-министр.

«Саян-Шуша ЖЭС-індегі апат Ресейге экспортты ұлғайтуға мүмкіндік берді. Қазіргі таңда біз Ресейге сағатына 300 МВ электр энергиясын беріп отырмыз. Импорт пен экспорттың бұл қарқыны  келесі жылы да сақталады», деді Д.Тұрғанов. Ол биылғы жылы дағдарысқа байланысты электр энергиясын пайдалану аздап төмендегенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар