Биылғы жылы республика театрларында жаңа 37 қойылым көрсетілді

АСТАНА. Желтоқсанның 21-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Биылғы жылы республика театрларында жаңа 37 қойылым көрсетілді. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед мәлім етті, 
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Ағымдағы жылы театр өнерін дамытуға арналған көптеген игілікті істер атқарылды. Соның ішінде биылдың өзінде республика театр сахналарында 37 жаңа қойылымдар көрсетілді. Ал бұрыннан келе жатқан репертуарларды қоса есептесек, республика бойынша ағымдағы жылы 1 мыңнан астам спектакльдер көрсетіліпті. Сонымен бірге, биыл Еуропаның жетекші театрларымен шығармашылық одақ жасай отырып, жаңа қойылымдар, жаңа балет-опера жүзеге асты. Атап айтқанда, биылғы  жылдың ішінде ел театрларында үш жаңа операның қойылуы, екі жаңа балеттің сахналануын үлкен жұмыс деп атауға болады», деді жылды қорытындылаған министр М. Құл-Мұхаммед.

Оның айтуынша, отандық театрлардың қойылымын кеңейтіп, көрсетілімін байыту мақсатында «Тәуелсіздік толғауы» атты республикалық байқау ұйымдастырылған. Осы шараның қорытындысы  келер жылдың басында белгілі болмақ. Сондай-ақ, министр М. Құл-Мұхаммед аталған байқауды қазірдің өзінде нәтижелі деп бағалауға болатындығын жеткізді. «Өйткені, «Тәуелсіздік толғауы» атты ауқымды шараға отандық мамандарымыздан бөлек, шет елде тұратын бірқатар қандастарымыз да атсалысып отыр», деді министр.

Соңғы жаңалықтар