Биылғы жылы тұрғындардың үкіметке деген сенімі артты - әлеуметтік зерттеу
АЛМАТЫ. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Жыл басынан бері халықтың үкіметке деген сенімі 1,3 есе өсті.
Бұны Саяси шешімдер институты мен ҚР Әлеуметтанушылар және саясаттанушылар қауымдастығы жүргізген «Қазақстанның ірі қалаларындағы әлеуметтік көңіл-күй» атты зерттеу барысында респонденттердің 58,7 пайызы көрсеткен.
СШИ-дің бөлім жетекшісі Ирина Черныхтың айтуынша, үкіметпен қатар еліміздегі жетекші саясаткерлерге де тұрғындар сенімі артқан. «Зерттеу барысында Елбасын қоспадық. Өйткені ол сауалнамасыз-ақ сенімге ие»,- деді институт сарапшысы.
Зерттеу бойынша тұрғындар арасында үлкен сенім мен биылғы жылы Қазақстанның дамуына үлкен үлес қосқандар арасында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов (23,8 пайыз), Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов (6,8 пайыз) және ҚР Сыртқы істер министрі (6,3 пайыз) есімдері ең жоғары көрсеткішке ие болған.