Биылғы жылы Ұлттық қорға мұнай түсімдері 3 трлн. 447 млрд теңге шамасында болжанып отыр

АСТАНА. 13 қараша. ҚазАқпарат - Биылғы жылы Ұлттық қорға мұнай түсімдері 3 трлн. 447 млрд теңге шамасында болжанып отыр. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында мәлім болды.
None
None

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаевтың айтуынша, ағымдағы жылға арналған Ұлттық қорға мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдердің нақтыланған болжамы 3 трлн 447 млрд 145 млн теңгені құрайтын болады. Бұл жалпы ішкі өнімнің 10 пайызы. «Ұлттық қорға түсетін түсімдердің ұлғаюы мұнайға әлемдік бағаның бір баррель үшін 106,3 долларға өзгеруіне байланысты болып табылады. Бұрын бұл көрсеткіш жүз доллар шамасында нақтыланған еді. Ал теңгенің долларға шаққандағы бағасы 150-ден 152-ге өсуі есебінен 39 млрд 844 мың теңге шамасында болжанып отыр», - дейді Е. Досаев.

Еске сала кетейік, заң жобасында бюджетке келіп түскен қосымша табыстарды, сондай-ақ осы уақытқа дейін бюджеттің игерілмеген қаражаттарын қайта бөліп пайдалану көзделеді. Бұл ретте игерілмеген бюджет қаражаты негізінен ірі инвестициялық жобаларға қарай бағытталатын болады. Бұдан бөлек, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы жүктеген тапсырмаға сәйкес, мемлекеттік бюджеттің тапшылығы төмендетіледі.

Соңғы жаңалықтар