Биылғыдай астықтың жақсы шығымдылығы өткен ғасырдың 50-ші жылдарынан бері қайталанған жоқ- ҚР Ауыл шаруашылығы министрі

АСТАНА. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Биылғыдай астықтың жақсы шығымдылығы өткен ғасырдың 50-ші жылдарынан бері қайталанған жоқ. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.
None
None

«Биылғы астық шығымдылығы жақсы деп бағалауға болады. Қазір республика бойынша орташа астық шығымдылығы гектарынан 16 центнерді құрап отыр. Біздің жүргізген талдау бойынша 50-ші жылдан бері осындай астық шығымдылығы Қазақстанда болған жоқ»,-деді министр.

Оның пайымдауынша, бұл тұрғыда қосымша проблемалар туындауы мүмкін. Біріншісі, ол егін орағына байланысты. Атап айтқанда астық шығымдылығының жоғары болуынан егін орағы кезінде қазіргі заманғы комбайындардың өзі егістіктерді төмен жылдамдықта орып жатыр. Сонымен қатар астықты токтардан элеваторларға тасымалдау тұрғысында да кейбір мәселелер бар.

Соңғы жаңалықтар