Біз «А» корпусына өткен мемлекеттік қызметкерлердің білімін жетілдіретін боламыз - Ә.Бәйменов

АСТАНА. 5 қыркүйек. ҚазАқпарат - Биыл «А» корпусына өткен мемлекеттік қызметкерлердің білімін ары қарай жетілдіру көзделген. Бұл туралы бүгін мемлекеттік қызметті жетілдіру жөніндегі Сарапшылар кеңесінің кезекті отырысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Бәйменов мәлім етті.

Біз «А» корпусына өткен мемлекеттік қызметкерлердің білімін жетілдіретін боламыз - Ә.Бәйменов

Ол үшін қыркүйек-қазан айларында «А» корпусына кірген мемлекеттік қызметкерлер үшін алғашқы семинарлар ұйымдастырылатын болады. «Біз тиісті мемлекеттік қызметкерлерді іріктеп алдық. Енді олардың білімін жетілдіре түсу керек. Осы мақсатта агенттік (ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі - авт.) арнайы оқыту бағдарламаларын даярлап, кәсібі жоғары шетелдік сарапшыларды тартып отыр. Болашақта біз тестілеу жүйесін де жетілдіретін боламыз. Онда мемлекеттік қызметкерлердің жеке қабілет-қарымына негізгі басымдық берілмек», - дейді Ә.Бәйменов.