Біз армиямыздың әскери-техникалық жарақтандырылуын нығайта береміз - Н. Назарбаев
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Қорғаныс министрлігінде шұғыл-стратегиялық кеңес өткізуде.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
«Біз армиямыздың әскери-техникалық жарақтандырылуын және отандық әскери-өнеркәсіптік кәсіпорындарымыздың жұмысын нығайтуды жалғастыра береміз»,-деп атап өтті Елбасы.