18:49, 06 Наурыз 2009 | GMT +5
Біз Армияшылардың орталық спорт клубы спортты дамытуда жоғары жетістіктердің негізі болғанын қалаймыз ? ҚР Қорғаныс министрі
АЛМАТЫ. Наурыздың 6-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Біз Армияшылардың орталық спорт клубы (АОСК) спортты дамытуда жоғары жетістіктердің негізі болғанын қалаймыз. ҚР Қорғаныс министрі Даниал Ахметов бүгін Алматыда №1 әскери спорт колледжінде болған кезде осылай айтты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Армияшылардың орталық спорт клубы біз үшін өте маңызды. Ол ең алдымен спорттық жоғары жетістіктер. Менің ойымша, біздің қорғаныс күштерімізде қысқа мерзімнің ішінде жоғары жетістіктерге қол жеткізе алатын мамандар бар. Енді жалпы тұжырымдық міндетті екі топқа бөлу керек. Біріншісі, АОСК-ның спортшылары ұлттық құрама сапында Азия және Әлем чемпионаттары мен Олимпиада, Қысқы Азия ойындарында жоғары жетістікке қол жеткізу. Қазіргі таңда бұл үшін бәрі жасалды. Өзіміздің спорттық клубты қаржыландыруды айтарлықтай арттырдық. Ендігі сөз бапкерлерде. Екінші бағыт, бұл ең алдымен Армияшылардың орталық спорт клубы мен қорғаныс күштерінің байланысы. Биыл біз 36 спорт залының құрылысын аяқтаймыз. Сондай-ақ әрбір бөлімшеде батальон деңгейінде спорт саласындағы маманның штатын енгіземіз. Әскери дайындық арнайы жауынгерлік дайындықтан бөлек денешынықтыру дайындығына негізделуі керек. Бұл үшін арнайы бағдарлама дайындалмақ», - дейді Д.Ахметов. Министрдің айтуынша, Қорғаныс министрлігі балалар спорт мектебін қаржыландыруды азайтады деген сөз шындыққа еш сай келмейді. Жалпы қазіргі таңда АОСК-да 4 мыңға жуық бала спортпен айналысады. Енді әр бапкерде мақсатты бағдарлама болады. Олардың жұмысы өз шәкірттерінің жетістігі бойынша бағаланады.