Бiз Астанаға тек жеңiс үшiн келдiк - «Вильярреал» бапкерi

АСТАНА. ҚазАқпарат - "Вильярреал" командасы Астанадан үш ұпаймен қайтуға ниеттi. Бұл туралы бүгiн Астана Арена стадионында өткен баспасөз мәслихатында "Вильярреал" клубының бас бапкерi Марселино Гарсия Тораль мәлiм еттi.

Бiз Астанаға тек жеңiс үшiн келдiк - «Вильярреал» бапкерi

"Бiз үшiн бұл матчтың маңыздылығы өте жоғары. Матч өте ауыр өтетiнi сөзсiз. Ертеңгi ойында командамыз абыройлы нәтижеге қол жеткiзуге ниеттi", - дедi ол.

Бас бапкер қазақстандық футбол жайында көп ештеңе бiлмейтінін жеткiздi. Оның айтуынша, ол бұл елде ешқашан боламаған.

"Астана" футболшыларында бiраз басымдылық бар. Өйткенi Қазақстан чемпионатының қызған шағы - футболшылардың қуаты асып-тасқан нағыз ыңғайлы шақ. Сондықтан, менiңше, "Астаналықтар" ертең жоғары сапада ойын өрнегiн көрсетедi", - дедi ол.

Дегенмен Марселино Гарсия Тораль Қазақстаннан тек жеңiспен қайтатынына сенiмдi екендiгiн атап өттi.

"Астана" - мықты команда. Алайда бiз бұл ойыннан тек жеңiс күтемiз", - деп түйдi сөзiн бас бапкер.