Біз Ата Заң бойынша өмір сүріп, еңбек етудеміз - Мемлекеттік жалаудың авторы Ш.Ниязбеков
АЛМАТЫ. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Елена Ильинская/ - Сәрсенбі күні Алматыда қазақстандық жазушылардың кітапханасында Конституция күніне арналған кездесу өтті.
Әуезов ауданы әкімінің аппараты кітапхана ұжымымен бірлесіп ұйымдастырған бұл жиын «Ата Заңымыз - абырой, дәстүр, арымыз!» деген тақырып бойынша өтті.
Шараға қатысқан мәдениет қайраткері, суретші, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауының авторы Шәкен Ниязбековтың айтуынша, Конституция - мемлекет пен қоғамның табысты қызметі мен дамуының негізі. «Елдің Ата Заңы, қазақстандық қоғамды демократияландырудың негізі және әл-ауқаттылықтың кепілі бола отырып, заңның ұлықтығын, баршаның заң мен соттың алдындағы теңдігін жария етті, өзінің бірінші бабында адамның ең жоғарғы құндылықтары ретінде - оның өмірін, құқығы мен бостандығын бекітті. Конституция Қазақстанды тәуелсіз, құқықтық мемлекет ретінде бекітті және елдегі саяси тұрақтылықтың кепілі болды. Ол халықтың бірлігін нығайтып, Қазақстан жерінде тарихи тамырлас әр түрлі ұлттың адамдарын біріктірді. Біз Ата Заң бойынша өмір сүріп, еңбек етудеміз», - деді Ш.Ниязбеков өз сөзінде.
Бұл шараға Әуезов атындағы аудан әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, ақын Ғалым Жайлыбай , тарих ғылымдарының докторы, саясаттанушы Ғали Әзімбай, т.б. қатысты.