Біз баламалы энергетиканы дамытумен терең айналысуымыз керек - Н.Назарбаев

АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Біз баламалы энергетиканы дамытумен терең айналысуымыз керек», деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Назарбаев Университетінде» студенттердің сауалдарына берген жауабында.

Біз баламалы   энергетиканы   дамытумен   терең айналысуымыз керек  -    Н.Назарбаев

«Қазақстан электр қуатының небәрі 1 пайызын ғана балама жолмен өндіреді. Сондықтан да біз қазір бірнеше жобаны зерделеп жатырмыз. Мысалы, біздің өнертапқыш Альберт Болотов жаңа жел генераторын ойлап тапты. «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы Шығыс Қазақстандағы машина зауытында қазіргі таңда осындай генератордың жиырма данасын жасап қойды, біз жел энергиясында 100 мегаватқа дейін энергия өндіре аламыз», - деді Елбасы өз сөзінде.

Президент сондай-ақ, Қазақстанда су энергетикасының даму перспективасы үлкен екенін, күн батареялары өндірісінің де мүмкіндігі бар екенін - Қарағандыда металл кремнийін өндіретін зауыт салынып біткенін айтты. Оған қоса, биологиялық энергетиканы дамыту жоспары тағы бар.